Қ. Тоқаев: Ветеринария саласын жаңғыртуға айрықша мән беру қажет
Ветеринария саласын жаңғыртуға айрықша мән беру қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында саланың әлеуетін арттыруға қатысты Үкіметке бірқатар міндетті жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.
Президент Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ұйғарымына сәйкес Қазақстанның аусыл ауруынан таза аймақ ретінде танылғанын атап өтті. Тиісінше, бұл ет және өзге де мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруда жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Бұл мақсатта Үкімет мал басын есепке алу жүйесін жетілдіріп, зертханалық диагностиканың сапасын арттыруы шарт. Өнімдерді экспортқа шығаруға кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюға тиіс.