Мемлекет басшысы Ливан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Ливан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Халил Аун мен оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Президент берік достық пен өзара ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан көшбасшысының жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Ливан халқына бақ-береке тіледі.