Ақтөбеде бес мың орындық спорт кешені салынады
Ақтөбеде 5 мың орындық әмбебап спорт кешені бой көтереді.
Жобаға Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жаңа нысанда ұзындығы 50 метрлік олимпиадалық бассейн,. гимнастика және спорттық ойындарға арналған залдар салынады. Кешеннің жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Қазір облыста 770 спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Алайда олар тұрғындардың қажеттілігін толық жаппайды. Жаңа кешен кәсіби жабдықтармен жарақтандырылып,. ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалады. Құрылысты 2028 жылы ақпанда аяқтау жоспарланған.
Спорт кешенінің құрылысына - ₸18,8 млрд
Аренаның сыйымдылығы - 5 мың орын
Жалпы ауданы - 31 мың м2
Пайдалануға беріледі - 2028 жылы