Астанада «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті

Жеткіншектер жырлайды. Осымен Астанада үшінші мәрте «Қола домбыра» үшін республикалық оқушылар айтысы өтті. Тауып айтар тақырыбы – «Кітап оқитын ұлт – Зерделі ұлт», деп хабарлайды 24KZ.

Олардың арасында осалы жоқ. Өйткені өнерімен өңірлерден іріктеліп келген өрендер. Ақындар жас болса да бүгінгінің бас тақырыптарын қозғады. Кітап оқу мәдениеті, адал азамат, әділетті қоғам, ұлт бірлігі және мектеп пен ұстаз мәртебесі жайлы көсіліп, бала көңілін жеткізді.

Гүлім Егеубай, Ұлытау облысының жас ақыны:

– Жас дарындарды қолдау әрі олардың сөз маржанын ұштауға оқу-ағарту министрлігі мен айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы ұйытқы болған. Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті ұйымдастырған. Бас жүлде Түркістан облысынан Рахым Иманәліге бұйырды. Қола домбыра иесімен қатар үздік үштіктің қанжығасы қаржылай да майланды.

Серікзат Дүйсенғазы, ЕҰУ филология факультетінің деканы, «Қола домбыра» айтысы жобасының жетекшісі:

– Кітапсыз мектеп болмайды, кітапсыз сабақ болмайды. Сондықтан кітап оқуды өз тілдерімен керемет айтты. Мектепте қалай болу керек, кітап оқымасақ ертең ел болмаймыз. Әлеуметтік желі күшейген кезде сол балалардың тілімен жеткізіп жатыр. Залда тең жартысы мектеп оқушылары отыр. Әрқайсысының әлеуметтік желілері бар. Тікелей эфирде отыр. Соның бәрін қарайды.

Сондай-ақ оқыңыз: