Мәслихат сайлауы: сайлаушылардың 58,55% дауыс берді
Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 58,55 пайызы мәслихаттар сайлауына қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, кешкі 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлер арасында Түркістан облысында тұрғындардың белсенділігі жоғары болды. Бұл өңірде сайлаушылардың 77,58 пайызы өз таңдауын жасады. Ақтөбе облысында 75,69, Жетісуда 74,09 пайыз болды. Ал Алматы қаласында сайлаушылардың 37,7, Астанада 42,92 пайызы дауыс берді. Шымкент қаласында сайлаушылардың 44,72 пайызы учаскелерге келді.