Түркістан облысында да шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. LIVE

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны Түркістан облысында да жүріп жатыр. Себебі бұл өңірде көрші Ресейден әкелінген, арзан көлікті тізгіндеген жүргізушілердің қатары өте көп.

Жандос Жұмабек, тілші:

- Қазір біз Түркістан қаласында орналасқан мамандандырылған ХҚКО тұрмыз. Мұнда орталық қызметкерлері жүргізушілердің көлікті заңдастыруға байланысты құжаттарын қабылдап жатыр. Мемлекеттің ұсынған бір реттік жеңілдігін пайдаланып, тезірек көліктерін заңдастырып алуға асыққан тұрғындар көп. Алдымен көлік иесі «Электрондық үкімет» порталы немесе ХҚКО арқылы өтініш беріп, көлігін іздестіру базалары бойынша тексертеді. Одан кейін көлікті заңдастыруға қажетті құжаттар қабылданады. Бұл туралы мәліметті менің қасымда тұрған облыстық ПД басқарма басшысы Алмасбек Тастанбековтен толық білсек.  

 

Жандос Жұмабек, тілші:

- Түркістан облысында шетелдік көліктерді тіркеуге алу 5 жерде жүргізіліп жатыр. Яғни, Түркістан қаласында, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарындағы ХҚКО. Айта кетейік, шетелдік көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 мың теңге, техпаспорт үшін 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір алу үшін 9 660 теңге көлемінде мемлекеттік төлем төлейді. Шетелдік көліктерді тіркеу 23 қаңтардан 1 шілде аралығында жүзеге асады. Осы уақыт аралығында шетелдік нөмірмен жүрген жүргізушілер көліктерін заңдастырып үлгеруі керек.