Air Astana басшысы Президентке есеп берді

Air Astana-ның әуе паркі жаңа ұшақтармен толығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компания Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner Дирамлинер секілді әуе кемелерін елге 2025 жеткізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысына Air Аstana президенті Питер Фостер баяндады. Президентке компанияның 2022 жылғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ 2023-2027 жылдарға арналған жоспары таныстырылды. Питер Фостер компанияның бөлімшесі FlyArystan лоукостерінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындық туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana қызметін оң бағалап, компанияның ұшақ санын арттыруды және ұшу географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді. Кездесу барысында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланды.