Қаза тапқан сержант «Айбын» орденімен марапатталды

Іле-Алатаудың бөктеріндегі өрт кезінде қаза тапқан сержант Арслан Құрманбеков «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушы 8 мамыр күні қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды. Арслан Құрманбековтың үстіне жанып жатқан ағаш құлаған. Марқұм азаматтық қорғаныс саласында 2015 жылдан бері жұмыс істеген.