Қазақстандық өрт сөндірушілер Ресейге көмекке баруы мүмкін
Ресейдегі орман өрті асқынып кетсе, Қазақстан 200-ден астам өрт сөндіруші мен 46 техника жіберуге дайын. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір шекара маңындағы жағдайды министрлік бақылауында ұстап отыр. Ал аймақтағы мамандар өрттің қауіпті кезеңіне дайындықты бастап кетті. Құтқарушылар шаруа қожалықтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүр. Сондай-ақ олар кәсіпкерлердің оқыс оқиғиға дайындықтарын тексереді. Алайда Премьер-министр әзірлік жұмыстарын әлі де жетілдіру керек деді.
Айта кетейік, өрт қаупі жоғары кезең басталғалы елде 120-дан астам осындай оқиға тіркеліп, қызыл жалын өшіріліпті.