Баянауыл ұлттық паркінде туристік маусымға дайындық жүріп жатыр

Ауа райы қолайлы болса келесі айдың 10-нан демалушыларды қабылдай бастайды.

Сала мамандарының айтуынша биыл рекреациялық жүктемені азайту үшін Жасыбай көлінің жағасындағы кейбір нысандар басқа жаққа көшіріледі. Ал абаттандыру жұмыстары жергілікті әкімдікпен бірлесіп атқарылады. Ерекше қорғалатын аумақтың тазалығы  басты назарға алынбақ. Ұлттық парк қызметкерлері: «маусымға толық дайынбыз», -деп отыр. Олардың құзырына қоршаған ортаның табиғатын, жануарлар әлемін қорғаумен  қатар  өртке қарсы күрес шаралары кіреді. Өткен жылы Баянауыл ұлттық паркі 130 мың адамға қызмет көрсеткен. Биыл бұл  көрсеткіш  200  мыңнан асады - деген болжам бар.

Ерқұлан Дүйсекеев, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы:

-КПП дейміз бақылау –өткізу бекеті. Ол жерді біз толық цифрландыратын боламыз. Сол жерде бір туристің тариф бойынша бағасы 645 теңгені құрайды. Оның 345 теңгесі мемлекетке қаржыға түседі. 300 теңгесі осы ұлттық парктің өзінің есеп-шотына түседі. Оған түскен қаражатты біз осы жердегі абаттандыру жұмыстарына жұмсайтын боламыз.