Өскеменде «Көлеңке» қойылымы сахналанды
Санадағы жемқорлықтың сахнадағы көрінісі.
Таныс-тамырға, лауазымға сүйенудің соңы неге апарады? Өскеменде «Көлеңке» қойылымы сахналанды. Туындыны 500-ге жуық мемлекеттік қызметкер көрді. Мақсат – азаматтарға ой салу. Режиссер Дос Құбаштың "Көлеңке" арқылы көздегені осы. Бір отбасындағы оқиға желісімен жемқорлықтың қорлығын көрерменге өткір жеткізген. Ерекше қойылым көпшілік көңілінен шықты.
Архат Бейсембаев ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, превенция басқармасының басшысы:
- Театрландырылған спетакль қою арқылы сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес екенін бәріміз түсінеміз. Бірақ барлық мүмкіншілікті пайдаланып қандай заңдық тұрғыдан барлық адамға информация беретін, мәліметті жеткізетін мүмкіншілікті пайдалану арқылы осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға барлық жағынан біз өткіземіз.