Қазығұртта соғыс және тыл ардагерлеріне ескерткіш-тақта ашылды
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында соғыс және тыл ардагерлеріне арналған мемориалдық ескерткіш-тақта ашылды.
Сұрапыл соғыс жылдары өңірдің Жаңаталап ауылынан майданға 127 азамат аттанып, соның 67-сі жат жерде жан тапсырған. Сол боздақтардың жанқиярлық ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында мектеп түлектері аллея ашса, тұрғындар өздері қаражат жинап, соның ішіне ескерткіш тақта орнатқан. Оған соғысқа қатысқан барлық жауынгерлер мен тылда еңбек еткен ерлердің есімдерін қашап жазыпты. Жалпы Қазығұрт ауданынан қан майданға 8 мыңға жуық азамат аттанып, тек соның 1173-і ғана елге аман-есен оралған.
Ошақбай Лесбеков, тыл ардагері:
- Осы дәуірді алып берген мына бары бар, жоғы бар, ағайындарды естен шығармаңдар. Әруақытта осыларға жақсы тілек білдіріп, құран оқып, бата жасап жүрсеңдер, өте үлкен сауапты іс. Осылардың арқасында біз осындай дәуірге жеттік.