Астанада ерекше қажеттілігі бар жандарға тегін курстар ашылды

Астанада ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған кезекті тегін оқыту курстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жобаның көмегімен мүгедектігі бар адамдар заманауи технологияларды меңгере алады. Оған 17 жастан 38 жасқа дейінгі қазақстандықтар қатысып, СММ және копирайтинг, motion design, графикалық дизайн, мобилография және tiktok бойынша тегін оқытудан өтеді.

Қазірдің өзінде 500 адам қатысуға өтінім берген. Жоба Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі алаңында ұйымдастырылған. Оқу қазақ, орыс тілдерінде қолжетімді, сонымен қатар есту қабілеті нашар адамдарға да бейімделген. Жобаға қатысу үшін өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады. 

Захира Бегалиева, қоғамдық қордың директоры:

- Бұл профессиялардың бәрін 3 айдың ішінде алады да, онлайн оқып, әрі қарай жұмыс істей беруге болады. Курс тегін. 120 грантымыз бар биыл. 120 грантқа үлгерген адам бәрін тегін алады. Ең бірінші, олар өздері өтініш тастау керек. Екінші кезең – ол технический тест. Компьютермен қалай жұмыс істей алатынын. Үшінші, интервью өткіземіз. Ол адам өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де жақсылық, өзгерту жасау керек.

Ержан Сейітқазы, жоба қатысушысы:

- Мен негізі СММ маманы болып жұмыс жасаймын. «I teach me»-ға біліктілігімді арттыру үшін. Мүмкінбасқа да мамандықтарға, жаңағы онда графикалық дизайн бар, сол мамандықтарға білімді арттыру үшін келдім.