Дархан Қыдырәлі елордалық жастармен кездесу өткізді
Ұлттың болашағы – жастар.
Сондықтан айдентиканы қалыптастыруда олардың көзқарасы өте маңызды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, елордалық жастармен кездесуде осылай деді. «Қазақ айдентикасы – өткені мен бүгіні» тақырыбында өткен жиынға 50-ге жуық түрлі сала мамандары қатысты. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, отандық телехикаялардың авторлары мен ұлттық нақыштағы киімдерді ұлықтап жүрген дизайнерлер бар. Тұңғыш рет қолға алынған шараға қатысқан жастар, ұлттың болмысы бойынша өз ойларын ортаға салды.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Осындай алаңның бүгін айдентикаға арналып отырғаны бекер емес. Баршамыз үшін еліміздегі азаматтар үшін біріктіруші фактордың бірі осы паспорт болса, екіншісі – баршамызды мақтанышқа кернейтін ол біздің көк туымыз.
Әйгерім Серікжанова, "Жастар" ғылыми зерттеу орталығы директорының орынбасары:
- Қазақ айдентикасының өткені мен бүгіні деген тақырыпты алған басты мақсатымыз кез-келген трансформацияның, кез-келген өзгерістің қозғаушы күші ол жастар болғандықтан, біз жастар тарихқа үңіле отырып, жазықтар өткен уақытта қандай өзгерістер алып келді, айдентиканың таралуына дамуына өзінің қандай үлесін қосты және бүгінгі таңда қандай үлесін қосып жатыр деген сұрақтарға жауап береміз.