М. Жұмабаев туралы құнды құжат табылды
Солтүстікқазақстандық тарихшылардың қолына ақын Мағжан Жұмабаевтың аудармашы болып қызмет атқарғанын растайтын құнды құжат тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар оны жуырда ғана Ресей мемлекеттік архивіне сұрау салып алдыртқан және ол «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясындағы форумда көпшіліктің назарына ұсынылды.
Жылда ұйымдастырылатын шара бұл жолы саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орайластырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар мен сарапшылар алдымен Мағжанның кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына барды. Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан соң оның шығармашылығы мен өмірі жайлы сөз қозғап, әлі де оның зерттелмеген деректердің көп екендігін алға тартты.
Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
- Бір айдай ғана уақыт болған, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. Ол құжатта Мағжан, Әлихан Бөкейханов екеуі «центр издат» деп айтамыз, 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген. Сол қызметтің бірі центр издатта аудармашы ретінде қызмет жасаған. Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін аударды. Сонымен қатар Максим Горькийдің «Буревестнике» өлеңін аударды. Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз.
Элина Паули, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры:
- Бірінші күні Мағжан Жұмабаевтың кіші отанына барып келдік. Гүл шоқтарын қойып, оның мұражайын көрдік және де бүгін осы біздің тарихшылар, сарапшыларымыз, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, біздің халықараралық сарапшылар онлайн режимінде қосылып жатыр.