Қайрат Сатыбалдыұлы иемденіп алған 14 млн доллар елге қайтарылды
Біріккен Араб Әмірліктерінен Қайрат Сатыбалдыұлы мен өзге де азаматтарға тиесілі 14 млн АҚШ доллары қайтарылды.
Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратура және шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп орындады. Жалпы қылмыстық қудалау басталғаннан бері Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғаларға тиесілі 464 млрд теңгеден астам сомаға мүліктік активтер мен ақша мемлекетке қайтарылды. Атап айтсақ, бұған әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, сәнді көліктер, компаниялардың үлестері, сондай-ақ теміржол кіреді. Қайтқан қаржы мемлекет кірісіне өтіп, әлеуметтік мақсатта жұмсалады.
Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Сонымен қатар олар елден заңсыз шығарған қылмыстық жолмен алынған активтерді, ақша қаражатын және мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылдануда.