Қызылорда облысында рәміздер күніне ерекше дайындалған. LIVE
Қызылорда облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 100-ге жуық шара ұйымдастырылған және оған 70 мыңдай сырбойлық белсенді қатысады деп жоспарланып отыр.
«Менің туым – менің Отаным» атты челленджбен бастау алған мерекелік бағдарлама аясында «Жас Ұлан» балалар мен жөсөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы саптық жүріс өткізеді.
Қамбар Бекенов, тілші:
- Бүгін таңсәріден өңірдегі ірі сауда орталықтары, өндіріс ошақтары мен халық көп шоғырланатын алаңдарда бір мезетте Мемлекеттік Гимн шырқалды. Қаладағы ойын-сауық және демалыс паркінде жастардың патриоттық шаралары болып жатыр. Сондай-ақ қала орталығындағы ЛЭД экрандар мен жарнама тақталарында күні бойы Мемлекеттік рәміздер туралы бейнероликтер көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар барлық елді мекендердегі Рәміздер алаңында тұрғындар мен ерікті жастар тазалық акциясына қатысып жатыр.
Қазір 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың қатысуымен «АВТО, МОТОШЕРУ» өтеді.
Одан бөлек, Байқоңыр мен Қызылорда қаласында патриоттық әндер байқауы өткізіледі. Барлық аудандардағы жазғы тынығу лагерінде Елтаңба авторы, жерлесіміз Жандарбек Мәлібековтің және Мемлекеттік Ту авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбегі кеңінен насихатталатын көрмелер мен танымдық ашық сабақтар өткізіліп жатыр.