Алматыдағы тау баурайында Ту көтерілді
Алматылықтар бүгін алып шаһардың әр тұсынан қосылып, әнұранды бірге шырқады.
Ал Медеуде көк туымыз желбіреді.
Тау баурайында алып ту көкке көтерілді. Көлемі 100 шаршы метр. Тұғыры Медеу спорт кешенінің маңына орнатылған. Бұл жер теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан. Шараға қоғамдық ұйым мен бірлестіктің өкілдері, қала тұрғындары мен жастар арнайы келді. Ту көтерілген сәтте қалада қоғамдық орындар мен саябақтарда жиналған жұртшылық әнұранды қаосылып айтты.
Бағдат Анарбаева, волонтёрлер кеңсесінің жетекшісі:
- Осы күні жыл сайын дәстүрлі түрде осы жаққа келіп ту көтеру рәсіміне қатысамыз. Ол біздің барлығымызға үлкен болсын, кіші болсын, волонтер болсын әр түрлі саланы біріктіретін ерекше патриоттық сезім беретін мереке деп айтсам болады. Спортпен айналысатын. Студенттік жастар, жұмыс істеп жүрген жастар өз еркімен келіп, қуанып қатысып жатыр.
Рәміздер - ұлттың төлқұжаты
Тәуелсіздіктің айқын нышаны саналатын рәміздер күніне орайластырылған шаралар реті веложарыспен жалғасты. Оған мыңға жуық адам қатысты. Кәсіби спортшылармен қоса, рәміздерге құрметін білдіріп шыққан тұрғындар 5 шақырымға жерді велосипедпен жүріп өтті. Мәреге жеткен соң әнұранды бірге орындады.
Еркін Қазыбаев, мамандандырылған спорт мектебінің директоры:
- Әлемдік аренада көтеретін осы спортшыларымыз. Сондықтан рәміздер күнінде спортшылардың атсалысуы үлкен бір жақсы қадам деп ойлаймын. Болашақ ұлтымыздың денсаулығым бұл спорт. Спорт жақсарған сайын халқымыздың, болашақ ұрпағымыздың денсаулығы дұрыс болады.
Асқар Ахмет, қала тұрғыны:
- Еліміздің патриотымыз не дегенімен. Ұстап жүру парыз міндет. Рәмізімізбен мақтаныз. Сол себепті ұстап жүрміз.
Рәміздерге деген құрмет ел мен жерге деген құрмет. Түптеп келгенде мемлекеттік мемлекетке деген құрметті білдіреді. Осындай шаралар отансүйгіштік қасиетті арттыра түседі, дейді алматылықтар. Кешке рәміздер күніне орай Абай алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.
Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев, Сержан Жұмабаев