Ә.Қуантыров: Сан емес, сапаға көңіл бөлінеді

Ә.Қуантыров: Сан емес, сапаға көңіл бөлінеді

2027 жылға қарай қамтамасыз етілу деңгейі орташа ауылдар «деңгейі жоғары ауылдар» санатына жеткізіледі.

Бұған Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген елдімекендерге арналған өңірлік санаттар жүйесі ықпал етпек. Құжатқа сай көрсеткіштер жаңаша есептеледі. Жалпы елде 2019 жылдан бері өңірлік стандарттар жүйесі жүзеге асып келеді. Алайда, онда нысандар саны ғана ескеріліп, сапасы назардан тыс қалатын. Әлібек Қуантыров жаңа жүйенің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау кезінде пайдаланылатынын айтты. Сондай-ақ министрлік жыл сайын минималды стандарттар тұрғысынан мониторинг жүргізіп бақылайтынын ескертті. Әлібек Қуантыровтың сөзінше, өңірлік стандарттар жүйесі диспропорция себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Оған сай елдімекендердегі көрсеткіштерді ұлттық статистика бюросы жинап, өңдеуі керек. Көрсетілген қызметтер электронды базаға тіркеледі. Ал орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары стратегиялық және даму жоспарларын әзірлеуде Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес қамтамасыз етілу мониторингін ескеруі қажет.