Шымкентте апатты күйде тұрған 6 үй сүріледі
Шымкентте апатты деп танылған көп пәтерлі алты үй биылдан қалмай сүрілетін болды.
Реновация бағдарламасы бойынша орнына жаңасы салынады. Құрылыс аяқталғанша пәтер иелеріне уақытша баспана ұсынылды. Қазір инвесторлармен келісім шарт жасалып, жобалау сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Салаға жауаптылар алдағы алты жылда тозығы жеткен тағы 105 үйді сүріп, жаңасын саламыз дейді. Ол үшін тұрғындардың келісімі керек. Сондықтан түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ділдәбек Жаңабаев, қала тұрғыны:
- Көңілімізден шығып отыр. Күдік қалған жоқ. СПК-дан келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар болды. Содан кейін бір ауыздан келістік. Бір үйде тұрғаннан кейін. Үйіміз ескі. Шатырдан су кеткен. Үстіңгі қыштары үгітіліп түсіп жатыр.
Руслан Серікбаев, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының департамент директоры:
- Қазір сол 6 нысанға инвесторлар тарту мәселесімен жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі таңда 4 нысанға уже инвесторлар бар, тартылды. Солармен алдын ала келісім шарт түзілді. Қазір проектный сметный документация әзірленіп жатыр.