Астанада жаңа қаржылық институт ашылды
ITS көпжақты қаржы алаңында сауда-саттық басталды.
«Бұл Шығыс пен Батыстағы екі үлкен нарықты байланыстыратын, уақыт жағынан инвестиция жасауға ыңғайлы платформа болады», - дейді мамандар. Қаржылық институт Астана Халықаралық қаржы орталығының қатысуымен ашылды. Көпжақты сауда алаңы деген биржа емес. Өйткені биржада компаниялар өздерінің құнды қағаздарын алғаш рет шығара алады. Яғни капитал тарта алады. Акция немесе облигация шығару арқылы. Ал осындай платформаларда тек қана шыққан құнды қағаздарды сата алады деп түсіндірді биржадағылар. Бұнда инвесторлар бір-бірімен саудаласады. Сонымен қатар, енді араб инвесторлары АІХ-те тікелей инвестициялай алады.
Ренат Бектуров, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Араб инвесторлалы біздің АІХ-тегі бар құралдарға инвестор ретінде тікелей келе алады және керісінше біздің инвесторлар АDX қаржы құралдарына инвестиция сала алады. Ең бастысы бұл жерде біз екі листинг жасамаймыз. Мысалы, қазір компаниялар Лонданда листинг жасағанда, олар АІХ-та да листингі, Лондонда да өздерімен өздері саудаласып жатады, ал біздікілер өздерімен өздері. Яғни біз нарықты екіге бөліп тастадық. Ал енді мынау биржа оны бөлмейді. Араб инвесторлары АІХ-келіп, осында сауда жасайды.
Еске салайық Астана халықаралық қаржы орталығында Еуразиялық өңірдің жыл сайынғы қаржы конференциясы «Astana Finance Days 2023» өтіп жатыр. Еліміздегі ең ірі қаржылық іс шаралардың бірі біздің назарда.