Астанада «Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті

Тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқа-көл сұлама» атымен қалған нәубетке, биыл 300 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астанада осыған орай «Қаратаудың басынан көш келеді» атты семинар өтті. Онда тарихшы ғалымдар сирек кітаптардағы деректерге сүйене отырып, Қазақ тарихындағы трагедиялық оқиғаның шығу тарихын саралады. Ғалымдар «Ақтабан шұбырындының» халыққа орасан зор қайғы әкелгенін ұрпаққа ұғындыру қажеттігін айтады. «Жастар тарихтан тағылым алуы тиіс», - дейді. 

Тұрсын Жұртбай, алаштанушы ғалым:
- 1300 жылдан бастап қазақтың ыдырауы мен қосылуының тарихынан бастап зерттеу керек. Алғашқы қазақ-қалмақ соғысы1600 жылдары басталады. Сол кездегі-қазақ-қалмақ батырларының шабуылы, екеуара жағдайлары туралы Миллердің батыс-сібір тарихында айтылады. Қаратаудың басынан мұңлы көштің, ақтабан шұбырынды болған көштің өткеніне 300 жыл болды. Сол оқиғаны әр жусанның түбін қалай түптесек солай қалпына келтіруіміз керек деп ойлаймын.