Қостанай қаласындағы субұрқақтар істемей тұр
Қостанай қаласындағы 24 субұрқақтың әлі күнге бірде біреуі істемейді.
Маусымның алғашқы күндеріндегі аптап ыстықта орталық көшелердегі, саябақтардағы субұқақтардың бәрі сусап тұрды. Мамандардың айтуынша олардың жағдайы сын көтермейді. Электр құрылғылары бұзылған, кейбіреулерінің гранит плиткалары түсіп қалған. Биыл қала орталығындағы алты субұрқақты жаңартып, қайта жарақтау көзделіп отыр. Оған 280 миллион теңге бөлінген. Жоба бойынша олар шілде айына қарай тапсырылады. «Ал қалғаны техникалық құжаттамасы әзірленгеннен кейін, біртіндеп іске қосылады», - дейді қалалық әкімдік өкілі.
Станислав Лобанский, қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы:
- Биыл субұрқақтардың іске қосылуының созылып кетуіне қызмет көрсететін мердігердің табылмауы себеп болды. Алғашқы байқауға ешкім шықпай, екінші қайтара жариялауға тура келді. 20-шы мамырда ғана қаладағы субұрқақтардың күтімін мойнына алған мердігер анықталып, келісімшарт жасалды. Өз міндеттеріне олар енді кірісіп жатыр.