Ақтауда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді
Каспий теңізінің таяздануына байланысты Ақтауда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бұл ахуалдың одан сайын ушығуының алдын алу мақсатында жасалған. Қазір қалада жобалық-зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қабылданған шешімнің тұрғындар тіршілігіне кедергі емес екенін айтты.