Абай облысы құрылған бір жылда қандай өзгерістер болды?
Абай облысында бір жылда денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы көлемі екі есе ұлғайды.
Өңірде құрылыстың да қарқыны артты. Аймақ бюджеті 374 миллиард теңгеге жетті. Алдағы уақытта тағы қандай жобалар жүзеге асырылады.
Ұлы ақын есімін иеленген облысқа бір жыл болды. Көп уақыт емес әрине. Дегенмен осы кезеңде өңірде өзгеріс лебі сезілді ме? Облыс орталығы Семейде серпіліс байқала ма?
БЛИЦ (Тұрғындар пікірі)
- Бір жыл ғана болды ғой енді. Енді-енді басталып жатыр.0.21скл0.36Неше жыл, отыз жыл жәй ғана қала болдық. Қаламыз өсіп-өркендей берсін.
- Біз 4-курс бітіріп жатырмыз. 1.19скл1.22Баратын жер жоқ. Тек жағалау ғана. Соны ойлап тапса. Қыдыратын жер көп болса, инфрақұрылым дамыса.
- Әлі де жұмыс көп. Жолдарды кеңітсе, өйткені тар. Сондай жұмыстар жүргізілсе. Жаңадан үйлер салынса.
- Жақсылық болып жатыр ғой. Арбат салынып жатыр. Жолдар түзелініп жатыр. Басқа да жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз. Президентіміз келіп кетті. Бәрі дұрыс болатын секілді ғой.
Иә, ширек ғасырдан соң қайта түлеген облыста бәрі дұрыс боларына сеніммен қарап, өзгеріс күтіп жүргендер көп. Бір жылда Семейдегі негізгі көшелердегі көпқабатты үйлердің қасбеті алғаш рет әрленіп, жаңа кейіпке енді. Жылы аялдамалар орнатылды. Ертіс өзені өткелінің құрылысы басталды.
Кезінде Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған «Елім-ай» футбол клубы қайта құрылды. Үкіметте Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді.
Азамат Қасым, тілші:
- Ал 25 жылдан кейін облыс орталығы мәртебесін қайта алған Семейде тіпті қарбалас. Шаһардағы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшені асфалттау басталып кетті.
Қаладағы аулалардың жағдайы мәз емес. 600-ге жуық ауланың 90 пайызы тозған.
Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:
- Қалада 570 аула болса, соның 10 пайызы ғана болар-болмас жағдайда. Қалғанының барлығына тиісті жөндеу жасау қажет. Сондықтан да біз 5 жылға өзімізге кешенді жоспар жасадық осы аулаларды жөндеу бойынша. Бүгінгі таңда 7 ауланы бастадық. Әр апта сайын 5 ауладан қосып отырамыз. Сөйтіп, жаз аяғына дейін 70 ауланы жүріп өтеміз.
Азамат Қасым, тілші:
- Енді Семейдің сол жағалауын дамытуға екпін беріледі. Өйткені жаңа ғимараттардың көпшілігі сонда салынады. Қазір сол маңдағы 43 нысанды сүру жұмысы басталған. Жуықта бұл жерде 1200 орындық жаңа мектептің іргетасы қаланады.
Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі:
- Көп қабатты үйлер салынады. Мектеп салынады. Қазіргі кезде концерт залын салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ол үлкен жоба. Сүрілетін үйлер өте көп. Ол үшін көптеген қаражат керек. Бір жылда ол бола қоймайды. Айтып кету керек, көп жылға арналған жоба болады.
Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің пайымынша, Семейдің ғана инфрақұрылымы нығайымауы керек. Қала рухани-мәдени жағынан да көш басында болғаны ләзім. Алаштың рухани астанасы атанған шаһарда Абайдың мәдени орталығы мен республикалық Алаш музейі болуы заңды, - дейді қоғам қайраткері, ақын Құсмілия Нұрқасым.
Құсмілия Нұрқасым, қоғам қайраткері:
- Семей Президент айтқан мәдени, тарихи-рухани орталық болуы үшін әлі де үлкен компоненттер керек. Соның біреуі Абайдың мәдени орталығы деген. 19-ғасырда отырып 20 ғасырдың алашын дайындаған Абай. Сондықтан оларды бір-бірінен ажыратпай, қалада алашқа арналған музей, алашқа арналған аллея болуы керек деймін.
Үкіметте бекітілген кешенді жоспарда барлық сала қамтылған. Бес жылда 1,9 триллион теңгеге 102 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланды. Бұдан бөлек қазір Президент тапсырмасымен Семей қаласының бас жоспары қайта әзірленіп жатыр.
Семейден Азамат Қасым, Берік Жобалайұлы