Президент Желька Цвияновичпен кездесті

Қазақстан Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырады.

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу барысында мәлімдеді. Мәртебелі мейман өз кезегінде Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, ол аталған шараны өткізудің маңыздылығына тоқталып, оның аясында халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағдайына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді. Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.