Қостанай облысында табиғат қорғау іс-шараларына жеті млрд теңге бөлінді
Биыл Қостанай облысында табиғат қорғау іс-шараларына 7 миллиард тенге бөлінді.
Орман шаруашылықтарына 34 бейнебақылау камерасы, 30 трактор алынған. Басқа да керек жарақтармен қамтылды. Дегенмен, мәселе мұнымен шешіле қойған жоқ.
Бұл Пригордный орман шаруашылығы. Аумағы 19 мың 640 гектарды құрайды. Екі жыл бұрын бұл жерді де өрт шалып, 500 гектар алқап жанып кеткен еді. Қазір кездегі басты міндет ондай жағдайдың қайталануына жол бермеу. Бірінші кезекте орман айналасына минералды жолақ салып, жыртып шығу керек.
Ағытай Тобылдин, орманды қорғау инженері:
- Бір айдың ішінде жоспар бойынша жыртып бітіру керекпіз. Оның әсіресе ауа-райына байланысты, егер жауын-шашын болса, шөп өсіп кетеді көптеп көп. Сол себепті екінші рет вторичный жібереміз, опашкаға деп
- Кипарис на связи, обстановка нормальная.
Орман аумағында екі өрт бақылау мұнарасы бар.Ол жердегі кезекшілер күні-түні жан-жағын шолып, қарап отырады. Бірақ осы биік мұнаралардың тозығы жеткен. Тексеріп сараптама жасалған екен. Енді оны ауыструға қаржы бөлінеді деп отыр. Орман шаруашылығының техника паркі де биыл біршама жаңарып қалған.
Ерлан Әбенов, орман шаруашылығының басшысы:
- Біз төрт трактор алдық. ПКЛ-дар алдық дополнительный жаңағы. Прицепной, жаңағы обрудованиялардың барлығын толықтырдық. Бізге негізгі керегі жаңағы өрт сөндіретін машина керек.
Орман шаруашылығының есебінде 8 өрт сөндіру машинасы бар екен. Соның үшеуі жүрмейді. Қаңтарылып тұр. Қалғандарының да жай-күйі мүшкіл. Әбден ескірген.
Болат Сырғабаев, орман өртіне қарсы станция басшысы:
- Көліктің түрі мынау көріп тұрсыздар, мынау 92-ші жылғы машина.Бұрын мынау Қазақстан ауылы совхозда болған машина ғой, содан бізге аударған. Содан енді қазір төртеуі ғана жүріп тұр. Енді бір шыға қалсақ,өрт болып, бірінші біз шығамыз өрт болса, анау қаладан келгенше,біз дереу барып, сөндіруіміз керек. Оған енді машиналардың бәрі ескі.
Нұрлан Хасенов, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі:
- Насостары түгел бұрыңғы ескі дүние, 60-шы жылғы дүние болады. Мынау через кардан істейді, Артында тұр насосы. Ол сорғандада ақырын сорады. Былай беруі де қиын. Ескі машина ғой енді.
Мазалайтын тағы бір мәселе. Мұнда жұмыс істейтіндердің дені зейнеткер. Жастар келгісі жоқ дейді. Өйткені жалақысы аз. Мысалы, өрт сөндіру машинасын жүргізушісінің қолына алатын айлығы былтыр қосылғанның өзінде 93 мың тенге екен.
Мағауия Қалиев, Ермек Мұхамедияров