Сарапшы: Абай облысындағы жағдай қайталанбауы тиіс
Абай облысындағы қайғылы оқиға мемлекеттік басқару жүйесінің осал тұсын көрсетті.
Бұл туралы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев мәлімдеді. Сарапшылар пікірі Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен, ашық есік күнінде айтылды. Іс-шараға зерттеу ұйымдары мен талдау орталықтарының сарапшылары, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысты.
Санат Көшкімбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Орталық пен аймақтар арасындағы байланыс әлсіз. Экономика мен ішкі саясатта жүйелі басқару әдісін қолдану керек. Жаңа шаралар қажет екені түсінікті. Болашақта мұндай дағдарысты болдырмау үшін қазіргі оқиғалардан сабақ алу керек.