Шымкенттегі ғимараттар сейсмикалық тексеруден өтті
Инженерлер қаладағы ірі панельді тұрғын үйлерді сынап көрді, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Тұран» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты үй бүгін 7 баллдық жер сілкінісіне шыдады. Сынақ кезінде ғимарат ішінде біздің түсіру тобымыз да болды. Қырғызстан мен Өзбекстаннан арнайы шақыртылған мамандар жағдайды сырттан бақылады. Шынайылық үшін пәтерлердің біріне үй жиһаздары мен тұрмыстық техникалар қойылған. Алғашқы дүмпу кезінде ыдыс-аяқ сынып, ескі тоңазытқыштың есігі түсіп қалған. Дегенмен ғимарат бүтін, қабырғаларында жарық жоқ. Инженерлер бұған дейін қаладағы өзге де ғимараттарды сынақтан өткізіп көрген. Соның ішінде 458 көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық талапқа сай емес деген қорытынды шығарған.
Ералы Шоқпаров, Қазақ құрылыс, сәулет, ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өндіріс жөніндегі директоры:
- Енді жобалық-сметалық жоба бойынша 7 баллдық аймақ Шымкент қаласы. Сол 7 баллға сынақ өткізілді. Біз мына сынақ біткеннен кейін 2-3 ай уақыт кетеді. Бүкіл жасалынған мына ғимараттың ішінде 100-ден аса датчиктер орналасқан. Сол компьютерге қосылған. Сол датчиктердің деректерін алып, біз сосын қорытынды береміз.
Ұлықбек Бегалиев, Қырғызстанның сейсмикалық берік құрылыс қауымдастығының президенті:
- Біз Бішкектен осы 9 қабатты үйді вибросынақтан өткізуге келдік. Біз әбден ҚазҒЗИ-дің осындай сынақтарды өткергендігіне қуаныштымыз. Себебі «натурный» сынақтар көп жұмысты талап қылады.