Оралда жылу электр орталығының қуаты артты
Орал жылу электр орталығында өндірілетін электр қуаты енді жылына 300 миллион кВт/сағ 420 миллион кВт/сағ жетпек, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал осындағы агрегаттарды салқындату үшін Жайықтан тікелей алынатын су мөлшері 10 миллион текше метрден 6 миллион текше метрге дейін азаяды. Мұндай жетістік айналма су қондырғысын орнату арқылы іске асқан.
Бүгін іске қосылған, құны 3 миллиард теңге тұратын жаңа қондырғы турбиналық агрегаттардың қысы-жазы қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Әрі экологиялық жағынан тиімді. Пайдаланылған су бұрынғыдай өзенге кері құйылмайды. Сонымен қатар биыл бірінші агрегат толық жаңарады. Үшінші агрегатты жаңғыртудың сметалық құжаттары жасалады.
Мирас Мулкай, БҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Мына жылу электр орталығына келетін болсақ, 11 нысанды күрделі жөндеу және қайта жаңғырту бойынша қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттар жасақталып жатыр. Одан басқа жылу желілері бар. Оның 250 шақырымы Орал қаласында. Жылу желілеріне келетін болсақ, Қазақстан бойынша жылу желілері сары аймаққа жатады. Тозуы – 50,8%. Оған қарамастан 5 шақырымға жоба-сметалық құжаттарды жасақтап жатырмыз.