Абай облысына әуеден 5 мың тоннадан астам су төгілді
Абай облысындағы тілсіз жаумен күрес тоқтаған жоқ.
Қазір табиғи резерват аумағында 1800 адам мен 350 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Өткен тәулікте қызыл жалынды сөндіруге әуеден 535 тонна су төгілген. Алапат өрт тұтанғалы тікұшақтар апат аймағына 5 мың тоннадан аса су құйды. Бүгінде тілсіз жаумен күреске өңірлерден өрт сөндірушілер тартылды. Оқиға орнында еліміздің әр түкпірінен келген волонтерлер жүр.