С. Өтешов: Халық мемлекеттің қолдауына тәуелді

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 300 мың теңгеден асты.

Бірақ былтырғы инфляцияның кесірінен оң өзгеріс тұрғындарға байқалмады. Сенат депутаты Серік Өтешов бүгін осылай дейді. Ол халықтың мемлекеттік қолдауға тәуелді бола бастағанына алаңдаулы. Былтыр әлеуметтік төлемдер халық табысының үштен біріне жеткен. Ал Тамара Дүйсенова мәселені жаңа жұмыс орындарын құру арқылы шешуге болатынын айтты. Осыған орай халықтың табысын арттыру бағдарламасының уақыты ұзарды. Одан бөлек, сенаторлар былтырғы инфляция азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер еткенін айтты. Осының әсерінен қазақстандықтар табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсауға мәжбүр.