БҚО-дағы Ақсай қаласында жеделсатылар жаңартылып жатыр
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында жеделсатылар жаңартылуда.
Моноқалада былтыр 18 лифт ауыстырылып, 4 көпқабатты үйдің шатыры жөнделген. Бұл мақсатқа бюджеттен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 495 миллион теңге несие түрінде бөлінді. Ал биыл 10 жеделсаты жаңадан орнатылмақ. Соның бірі 10-ықшам аудандағы №4 үй. Одан бөлек келер жылы 16 лифтті жаңғырту жоспарланған. Қазір қажетті жобалық-сметалық құжаттар жасақталып жатыр. Жалпы қалада 62 тоғыз қабатты үйде 218 лифт болса, соның 100-ге жуығы жарамсыз екен.
Ермек Теңізов, қала тұрғыны:
- Мен өзім 6-қабатта тұрамын. Көп балалы отбасымыз. Үйде үлкен кісілер бар. 15 жыл болыпты осы үйде лифт жарамсыз болғанына. Ауыр болды жоғарыға көтерілу. Енді сол биыл іске қосылып жатыр. Өте қатты қуаныштымыз. Әкімдікке, мемлекетке көп рахмет!
Бекболат Сыдықов серіктестік басшысы:
- 2023-ке, яғни бұған жергілікті бюджеттен 159 млн кредиттік несие берілді. Соны толықтай игеріп 10 лифтіге. Жалпы бір лифті 22 млн 600 кг 22 млн, 300 кг 5 шағын ауданда қойып жатқан олар 12 млн шамасында. Тұрғындарға 7 жылға береді. Тек жеделсатының құнын қайтарады. Процентсіз, үстіне қосымша ештеңе жоқ. Тек сол соманы қайтарады.