Президент БАҚ өкілдерін құттықтады
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.
Үздік деп танылғандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтар мен гранттарды тапсырды. Марапатталғандардың қатарында біздің телеарнаның тілшісі Әділ Балтабаев та бар. «Президент» арнайы телебағдарламасының жүргізушісі мемлекет басшысының сапарларынан қызықты деректер мен эксклюзивті материалдар жасап көзге түсті. Дәстүрлі шара кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің саяси реформалар аясында сөз бостандығын қорғау үшін қажетті шара қабылдап жатқанын айтты. Ал журналистің ақиқаттан айнуға құқығы жоқ. Шындық пен шынайылық басты қағида болуы керек. Яғни, ақпарат арнасы адалдық алаңына айналуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.