Елорда - діни келісім алаңы
Қазақстан көпұлтты әрі жас мемлекет бола тұра, діни келісім мен татулықтың үздік үлгісін алғашқылардың бірі болып көрсетті.
Бейбітшілік пен береке орнаған елде кез келген әлемдік және дәстүрлі дінге деген көзқарас жалпыға бірдей. Әр 3 жыл сайын халықаралық құрылтайдың бас шаһарда өткізілуі де осыған дәлел. Мәселен, былтыр Рим папасы Франциск Астанаға келіп, месса атқарды. Діни жоралғы жер жаһанға тікелей трансляция арқылы көрсетілген болатын. 2021 жылы эпидахуалға байланысты дүниежүзілік съезд өткен жоқ. Енді алдағы 2025 жылға жоспарланып отыр.
Руслан Ыбыраев, әлеуметтанушы:
- Нақты Қазақстандікі секілді үлкен баламасы бар деп айта алмаймыз. Өйткені, қандай да бір діни топтардың өздерінің үгіттеуі арқылы, насихаттау арқылы ортаға шыққан келісім диалог алаңдары бар. Бірақ оларда көп жағдайда қандай да бір діни топтардың басымдығы болып кетеді ол жерде. Соңғы сөз соларға басымдық беріп кетеді. Ал біз зайырлы мемлекет ретінде зайырлы алаң ұсынып отырмыз. Демократиялық мемлекетте барлығы тең. Біздің ең үлкен артықшылығымыз осы.