Елімізде Су ресурстары ұйымдарының консорциумы құрылады
Елімізде Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумы құрылуы мүмкін.
Ғылыми орталық мамандандырылған институттардың әлеуеті мен салалық даму бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысында айтылды. Үкіметте өткен жиында бассейндік инспекциялардың тиімділігін арттыру, тиісті мамандарды даярлау және жалпы су дипломатиясын нығайту мәселелері қарастырылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экология министрлігіне су шаруашылығы саласындағы тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізуді жеделдету керектігін айтты. Ал құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.