Маңғыстау облысында балабақша басшылары 3 принтерді 31 млн теңгеге бағалаған
Маңғыстау облысында мемлекеттік балабақшаның басшылары 3 принтерді 31 млн теңгеге сатып алмақ болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мектепке дейін білім беретін мекемені уәкілетті органдар тексеріп, сатып алу конкурсы қайта өткізілді. Яғни, мекеме басшылығы бағасы 100 мың теңгеден аспайтын 1 принтерге 10 млн теңгеден аса ақша жұмсауды жоспарлаған.
Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті жыл басынан бері жүргізген мониторингтің нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден аса мемлекет қаражаты үнемделді.
Біржан Хайруллин, ҚР СЖҚІҚА облыстық департамент басшысының бірінші орынбасары:
- Департаментпен енгізілген ұсыным хат негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді. Әлгі балабақшада 3 принтерді 300 мың теңгеге сатып алу туралы мемлекеттік сатып алуларға өзгерістер енгізді. Сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің құны нарық бағасынан жоғары болмауына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп жатыр.