Абай өңіріндегі өртті сөндіруде ерлік көрсеткендер марапатталды
Абай облысындағы төтенше жағдай кезінде ерлік көрсетіп, әскери және қызметтік борышын атқаруда жанқиярлық танытқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мемлекет басшысының Жарлығымен 22 адамға ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдары берілді.