Ақтөбеде 19 мың көлік заңдастырылды
Бүгін – елге әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімінің соңғы күні, деп хабарлайды «Хабар 24».
5 ай бұрын басталған шара аясында Ақтөбе облысы бойынша 19 мыңға жуық көлік есепке алынып, мемлекеттік нөмір алған. Ал үлгермей қалған темір тұлпар иелері таңнан бері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүр. Келушілердің көптігінен соңғы 10 күн бойы жұмыс уақыты таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін ұзартылған. Дегенмен полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, өтініш беріп үлгермегендер 1 шілдеден кейін де рәсімдей алады.
Ринат Қалимұқан, қала тұрғыны:
- Бүгін таңертең келдік. Анда сырттан бастап кезек тұр. Қазір, міне, мемлекеттік нөмір тапсырып, бұйыртса, нөмір күтеміз. Ұзартады, ұзартады деп жүріп қалдық та, енді ұзартпағасын халықтың бәрі жанталасып жатыр. Сондықтан анда кезек деп ойлаймын енді.
Еркін Өтеген облыстық Әкімшілік полиция басқармасы бастығының м.а.:
- Үлгермей қалғандарға енді бұған дейін былтырдан бастап біз ескерткен болатынбыз, барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан. Жүруге тыйым салнады ҚР-ның заңына сәйкес. Сонымен қатар сақтандыру полисі берілмейтін болады ол азаматтарға.