Ақтаудың төрт шағын ауданында инженерлік желілер жаңартылады
Ақтауда жылу беру маусымына дейін 4 шағын ауданда инженерлік желілер толық жаңартылады.
Салалық министрліктен 8 миллиардтан аса қаржы әкімдік бюджетіне бөлінді. Қала тұрғындарымен кездескен индустрия және инфрақұрылымдық министрі осылай деді. Марат Қарабаевтың сөзінше, шаһар аумағында құбырлардың 70%-тен астамы тозған. Ескі желілерді қайта жаңғырту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Тақауда қала сыртындағы шағын аудандарға жылу, су және кәріз құбырын тарту жобасы жүзеге асады.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Биыл 8,2 млрд ақша бөлінді. Мысалы, былтыр инфрақұрылымға мүлдем ақша бөлінбеген еді. Соның нәтижесінде, осында орналасқан 4 мөлтек ауданға инфрақұрылымды тарту жоспарланып отыр. Және 3 қаладан тыс аудандарда 12 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы биыл Маңғыстау облысына тиісті қаражаттың барлығы бөлінді. Ендігі біздің келіп жатқан мақсатымыз солардың баршасының құрылысы қалай жүріп жатқанын өз көзімізбен көру.