Елордадағы «Оңтүстік-Шығыс» қазандығының құрылысы жыл соңына таман аяқталады
Сағатына 350 гигакалория энергия өндіретін кәсіпорын тек газбен жұмыс істейді.
Мәжілістегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері қазандық құрылысымен танысты. Сапар барысында депутаттар қала тұрғындарын мазалаған мәселелерді назарға алды. Бір жарым миллиондық қалада былтыр қыста жылу тапшылығы туындағаны белгілі. Бүгінде аталған қазандыққа қосымша "Тұран" және "Тельман" газ қазандықтары тұрғызылып жатыр.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Жалпы, мына бұдан басқа Тұран деген газ қазандығы іске қосылайын деп жатыр биыл. Сөйтіп, ана ТЭЦ-3-тің қуатымен есептеген кезде, 1500 гигакалория биыл күзге таман іске қосылайын деп тұр. Сондықтан деген соңғы жылдары мына қалада болып жатқан жылудың тапшылығы жойылатын болып тұр. Тіпті, профицит те болайын деп тұр.