Биыл 5 мыңға тарта этникалық қазаққа «Ата жолы» картасы беріледі
Ол арқылы шетелдегі кәсіби және табысты қандастарға 10 жылға жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда тұруға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алдағы 4 жылда «Ата жолы» картасын 40 мың адам иеленеді. Құжатты алу үшін қандастарымыз жергілікті елшілікке барып, өтініш қалдыруы керек. Кейін олар ел азаматтарымен тең деңгейде әлеуметтік қолдауларға ие болады. Тек сайлау құқығынан шектеледі.
Еске салайық, биыл елімізге 8 мыңнан аса қандас келді.
Сәкен Ділдахмет, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:
- Бекітілген мамандықтар тізбесі бар. Яғни, медицина саласы, жаратылыстану, ғылым саласы, инженер саласы, осы салада жүрген қандас бауырларымыз Қазақстанға келіп, 10 жылға дейін елімізде тұру құқығын алады. Басты мақсатымыз – қандастарымыздың мүмкіндігін пайдаланып, олардың экономикалық потенциалын пайдаланып, олардың көмегімен осы салаларды дамыту.