Шымкентте алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды

24.kz

Кардиологиялық аурухана базасындағы операция 5 сағатқа созылып, сәтті өтті.

Күрделі операцияға Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық мамандары жетекшілік етті. 61 жастағы науқас ұзақ жылдар бойы жүрек жетіспеушілігі диагнозымен есепте тұрған. Донорлық жүрекке клиникалық өлімнен кейін марқұмның туыстары заңды келісімін берген. Алдағы уақытта жергілікті жағдайда күрделі хирургияны дамыту жоспарланып отыр. Бүгінге дейін елдің бас кардиохирургы Юрий Пяның жетекшілігімен 88 трансплантация жасалды.

Сәуле Шайсұлтанова, транспланттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры:

- Донорды біз басқа қаладан Қостанай аймағынан донорлық жүректі келді. Осында Шымкенттің тұрғынына жүрек трансплантациясы жасалды. Осы операция басқа аймақтарда жасалған трансплантацияның ең алғашқы трансплантациясы болып саналады.