Ақтөбеде облысында 36 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр

Баспанаға мұқтаж жандар түрлі әлеуметтік санат бойынша тізімге енген. 

Көбі облыс орталығының тұрғындары. Дегенмен, аудандарда да баспана мәселесі бар. Мысалы, Қобда ауданында үй кезегінде 247 адам тұр. Қазір облыста көпбалалы отбасы мен ерекше күтімді қажет ететіндер, жетімдер мен мемлекеттік қызметкерлерге арналған 16 баспана салынып жатыр. Екі үй шілде айының соңына дейін тапсырылады.

Елдар Жабаев, Қобда аудандық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жалдамалы баспана бойынша қаражаттың түсуіне байланысты осы жұмыстарды жалғастырамыз. Қазіргі таңда 32 пәтерлі екі үй салынды. Осы айдың аяғында берілуі жеке тұрғын үй комиссиясы бойынша ұйымдастырылады.