Жезқазғанда 80 ойын алаңы орнатылады
Жезқазғанда тиісті талапқа сай 80 балалар ойын алаңы орнатылады.
Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. Мердігерлер жұмысты қыркүйектің 1-іне дейін аяқтаймыз дейді. Қала билігі тұрғындардың өтініші бойынша, алдағы жылы тағы 38 ойын алаңын салуды жоспарлап отыр. Сәтімен жүзеге асса, облыс орталығы балалар алаңымен 100 пайызға қамтылады. Ал бұған дейін орнатылған 50-ден астам алаңқайдың сапасына, мердігер мекемелер жауапты. Себебі 3 жыл кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған.
Нұрбол Садықов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:
- 2021 жылы «Ньюлевл» ЖШС-мен қала аумағында 52 балалар ойын алаңы орнатылған болатын. Сонымен біздің ойымызша барлық қала қамтылатын болады. «Ньюлевл» мердігерлік ұйымында 3 жылдық кепілдік мерзімі бар. Және де сол кепілдік мерзімі аясында оларды қалпына келтіру бойынша талап-арыз беретін боламыз. Егер орындалмайтын жағдайда сот органдарына жүгінетін боламыз.