Петропавлда суға батып бара жатқан адамды құтқарған жасөспірім марапатталды
15 жастағы Аслан Гималетдинов өткен аптада Петропавлдағы табиғи су қоймасына батып бара жатқан 13 жастағы баланы құрқарып қалды.
Жасөспірім жартастан тайып кеткен інісін құтқарамын деп, өзі суда қалып қойған. Сол маңайда жүрген Аслан көп ойланбастан көмекке келді. Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысына төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалін табыстады. Ал "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының әкімшілігі батыл оқушысын "Қамқор жүрек" номинациясымен марапаттады.
Аслан Гималетдинов, оқушы:
- Сол күні мен 20-районда досыммен бірге велосипедпен жүрдік. Сосын бір қыз алдымыздан шығып, баланың суда екенін айтты. Мен тез суға барып, оны құтқардым.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
- Біз ТЖМ атынан алғысымыз шексіз. Рахмет айтамыз бауырымызға. Балалар өзінің күштерін, дайындығын көрсете берсін дейміз. Елімізде қауіпсіздік мәдениеті дейміз. ТЖ оны әрі қарай жандандырады.