Ауаны ластаушы кәсіпорындарды автоматты бақылауға көшу кешігіп жатыр
Биылдан бастап ауаны ластаушы ірі кәсіпорын, зауыт, жылу электр орлатықтары автоматты бақылау жүйесіне көшуі тиіс еді.
Яғни арнайы датчиктер арқылы қоршаған ортаға келтірген залал мөлшері анықталып, бірден жауапты министрлікке жолдануы керек. Мәліметтер экологиялық порталда сақталады. Алайда, инновациялық жоба әлі күнге жүзеге аспай тұр. Мысалы өндірісті қала - Өскеменде бірде- бір кәсіпорын жүйені әлі енгізбеген. Экология департаментінің мамандары бұл уақытша жағдай, өнеркәсіп нысандары жыл соңына дейін бақылау жүйесімен қамтылады дейді.
Рауан Тұраров, ШҚО бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы:
- Алайда енді қазіргі таңда геополитикалық жағдайға байланысты ірі мекмелеріміз ол ірі датчиктерді, енді бізде шығарылмайды олар, сол себепті енгізе алмай отыр. Бірақ енді өздерінің территориясындағы барлық қажетті жұмыстарын жүргізіп қойды. Коммуникациясын тартып, орнататын орындарын бәрін белгілеп, дайындап қойды. Тек қана сол датчиктерді алдырту оны қою ғана қалды.