Елде коммуналдық қызметтер ₸4 мың қымбаттайды

Коммуналдық қызметтер орта есеппен 4 мың теңгеге қымбаттайды.

Ұлттық экономика министрі осындай шілде айынан бастап елімізде тарифтердің біртіндеп өсетінін хабарлады. Әлібек Қуантыровтың айтуынша, соның арқасында тозған жылу желілерін жаңғырту және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтары қызметкерлерінің жалақысын арттыру көзделген. 7 жылда шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл ақшаны 60 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді күрделі жөндеуге жұмсайды. Жалпы алғанда, барлық қазақстандық жылу электр орталықтары мен энергетикалық кешеннің инфрақұрылымын ретке келтіру үшін 182 млрд. теңге қажет.