Вейп сатушылар заңды өрескел бұзып отыр

«Вейп» атауымен кеңінен танылған электронды темекіні сатушылар заңды өрескел бұзып отыр.

Осылай деген «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық қорының өкілдері темекінің бұл түрі жастар денсаулығына аса қауіпті екенін айтып, тыйым салуды сұрады. Өйткені сәнге айналған никотиндік өнімдер 21 жасқа толмағандарға еркін саудалануда. Мамыр айынан бастап Астана, Алматы және Өскемен қалаласында «Вейпсіз жасөспірім шақ» әлеуметтік жобасы жүріп жатыр. Мәселен Алматыдағы дүкендер заңды сақтамайтынын көрсетті. Тіпті кәмелетке толмағандар да вейпті ешқандай кедергісіз сатып алуда. Әлеуметтік жобаның бірінші кезеңінде үш дүкенге айыппұл салынған. Жалпы Алматы ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де мұндай жағдайлар қайталанып отыр.

Марат Сайбеков, "Қазақстан балалар қоры" ҚҚ әлеуметтік жоба жетекшісі:

- 21 жасқа толмаған тыйым салынған заң бойынша сатуға. Бірақ оған қарамай бәрі демейміз, енді көбінесе оған қарамай сатып жатыр. Оған енді былай айтқанда қазіргі заң жағынан заңгерлер аса қолдана алмай жатыр. Неге десеңіз, қазіргі уақытта бізде мораторий жүріп жатыр.