Риддер жылу орталығының бұрынғы басшысы қамауға алынды
Риддердегі жылу электр орталығының бұрынғы басшысы қамауға алынды.
Сондай-ақ энергетикалық нысанға тиесілі компанияның экс-президенті мен директорлар кеңесінің мүшесі болған бірнеше адамның ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады. Оларға 2,5 миллиард теңгедей ақша жымқырды деген айып тағылды. Бұл қаржы апаттық жағдайда тұрған жылу электр станциясын жөндеу үшін мемлекеттен бөлінген. Станцияның ескірген құрал-жабдығы былтырғы жылу маусымында 67 рет бұзылған екен. Прокуратура кәсіпорынды тексеріп, 250-дей заңбұзушылықты анықтады. Қаржылық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.